Қостанай облысы Әулиекөл ауданында алапат өрттен ауылдағы үйлер өртеніп кеткен еді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталғаны туралы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданында өртенген үйлердің орнына жаңасы қысқа мерзімде қайта салынды. Тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға таяу. Жуырда тұрғындарды қоныстандырамыз», – деп жазды әкім.