Бүгін Парламентте «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау: қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова жедел жәрдем қызметін орталықтандыру мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, пациенттерге жедел жеткізу мақсатында 2017 жылдан бастап жедел жәрдем диспетчерлік қызметі облыстық деңгейде орталықтандырылған. Соған қарамастан, іс жүзінде жедел жәрдем бригадасы шақырған жерге бармай, ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жіберіп жатады. Осылайша учаскелік дәрігерлер пациенттерге өз қаражатын шығарып баруға мәжбүр болатынын сөз етті. – Шалғай жер болғандықтан немесе жергілікті жерді білмегендіктен, диспетчер кей кездері бригадаларды қате мекенжайға жіберіп жатады. Осындай оқиғалардың орын алуына байланысты пациенттер қайтыс болып жатады. Назар аударғым келетін тағы бір мәселе – жедел жәрдем машиналарының техникалық жай-күйіне қатысты. Мәселен, Павлодар облысы бойынша жедел жәрдем көліктерімен жарақтандыру деңгейі 50%-ды құрайды, олардың 83-і есептен шығаруға жатады. Жекелеген өңірлерде сайлаушылар депутаттармен кездесулер барысында жедел жәрдем қызметін тез арада орталықсыздандыру туралы сұрақты үнемі қояды. Осы мәселені біз депутаттық сауалдарда бірнеше мәрте көтердік. Алайда, бұл жағдай әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Бұл мәселені қарастыру қашан аяқталады және жедел жәрдем паркін жаңартуҚызылорда облысының халқы 20 жылдан бері шешімін таппай отырған онкологиялық аурухана қажеттігін айтып, күрмеуі шешілмеген күрделі мәселе бойынша іссапар барысында жиі шағымданады, – деді Гүлдара Нұрымова.