Теміртауда қара қардың жауғаны жөніндегі видео әлеуметтік желіде жарияланды.Осы жайттан соң, министр Мырзағалиев тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы жарияланатынын айтты.Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаладағы кәсіпорындарды тексереді.
Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында: «Экология департаменті қаладағы кәсіпорындардың мәліметін тексеріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту шараларын қолға алады», – деп жазды.
Айта кетейік, сенбі, 1 ақпан күні жауған қара қардың видеосы Instagram-дағы Temirtau.city паблигінде жарияланған.