Сыртқы істер министрлігі Венгрияда жоғалып кеткен Қанатбек Өтебек туралы ресми мәлімет таратты
Сыртқы істер министрлігі Венгрияда жоғалып кеткен Қанатбек Өтебек туралы ресми мәлімет таратты
Фото: aikyn.kz
568
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Венгрияда жоғалып кеткен 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек туралы ресми мәлімет жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің жазуынша, Қанатбек Өтебек абақтыда қамауда отыр.
«Мәселенің мән-жайын анықтадық. Ол Венгрияда қамауға алынған. Полиция оны заңсыз мигранттарды тасымалдады деп айыптап отыр. Яғни, ол 1,5 ай бұрын Қазақстанда Шенген визасын алып, Еуропа елдерінің біріне ұшып келіп, бір аптадан кейін Шығыс Еуропа аумағында болған. Оның ішінде, Сербия, Венгрия, Чехияда және осы бағыт бойынша заңсыз мигранттарды тасымалдаған», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазақстандық бастапқыда қандай жұмысқа бара жатқанын білген.
«Бұл – өте ауыр айыптау. Сондықтан мен Еуропаға жұмысқа баратын азаматтарымызға тағы да айтамын: мұқият зерттеңіз, өзге елдің заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жігітке адвокат таптық, ол жұмыс істеп жатыр. Туыстары барлығын біледі. Менің ойымша, тергеу бұдан әрі не болатынын анықтайды», – деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін Венгрияда 27 жастағы шымкенттік жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.