Өңір жұртшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттікке ұсынылуын қолдайды
Өңір жұртшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттікке ұсынылуын қолдайды
460
оқылды
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумының қорытындыларын қызу талқылау жалғасуда. Қызылорда қаласында өткен  BIR TOLQYNDA  облыстық диалог алаңының отырысында партия белсенділері XXIV съездің қорытындысын талқылады. «Жастар рухы» өңірлік филиалының төрағасы Медет Жорабектің айтуынша, съезде қабылданған Саяси тұғырнама ел дамуының негізгі бағыттары мен саяси бірлестік қағидаттарын айқындайды. Ол сондай-ақ халықтық коалиция форумы туралы өз әсерімен бөлісті.
«Мемлекет басшысы айтқан ұлтты ұйыстырудың 7 қағидасы, бұл – реформалар бағытын тереңдету және қоғамымызды демократияландыруға ұмтылу. Президент қиындықтарды бірге еңсеруіміз қажет деді. Ол өзара қолдауды, сенім мен ынтымақтастықты ең құнды қасиеттер деп атады. Осы орайда реформаларды жүзеге асыруда жастар шешуші рөл атқаратынына сенімдімін», - деді ол.
 width= Ал Тараз қалалық Достық үйінде съезд делегаттарының, форумға қатысушылардың, ҮЕҰ өкілдерінің және белсенді жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Қоғамдық келісім» облыстық филиалының басшысы Мүбарак Жинақбаева алдағы сайлау науқаны ашық әрі әділ өтетініне сенім білдірді.
«Съезд жұмысынан айрықша әсер алдым. Бұл – Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанының айғағы. Алдымызда саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Этносаралық келісімді сақтап қалу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы «Рухани үндестік – бірліктің бастауы» қағидатын ұсынды. Біз ұлтаралық диалогті сақтап, барынша нығайтуымыз керек», - деді ол. Өз кезегінде, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Күлекеев жиналғандарға Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді халықтық коалиция форумының барлық қатысушысы бірауыздан қолдағанын жеткізді. «Мен Қасым-Жомарт Тоқаев секілді көрнекті саясаткердің, тәжірибелі дипломаттың, мемлекет қайраткерінің кандидатурасын қолдаймын», – деді ол.
 width= Шымкентте партиялықтар «Бал текстиль» кілем фабрикасының ұжымымен кездесті. XXIV съезд делегаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Раушан Жиренованың айтуынша, алдағы сайлау – тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен саяси қадам.
«Негізгі мақсаттардың бірі – Әділетті Қазақстанды құру. Шынында да, әділеттілік бар жерде ғана заң үстемдігі, тұрақтылық орнайды. Сондай қоғам ғана әл-ауқат», - деді ол.