Астаналық әйелдер сиыр сауып жарысады
Астаналық әйелдер сиыр сауып жарысады
835
оқылды
12-14 қазанда Астанада өтетін көрме аясында "Үздік сауыншы" деп аталатын сиыр сауудан жарыс ұйымдастырылмақ. Халықаралық деңгейдегі шараға 20-дан астам елден 300-ден аса түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Оның ішінде Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа да елдердің өкілдері бар. Көрмелер тарихында алғаш рет 2022 жылы асыл тұқымды, таңдаулы қошқарлардың және ешкілердің тұқымдық материалдарына аукцион болады. Көрмеге Еділбай, Гнмпшир, Дорпер, Каракульская, Меринос, Цвартблес тұқымдарының асыл тұқымды қошқарлары, Зааненская сүтті ешкілері қойылады. Ұйымдастырушылар «Үздік сауыншы» байқауын өткізеді, онда әркім ірі қара малды сауу шеберлігінен жарысады. Экспозиция қонақтары «EXPO» ХКО көрме алаңының кіреберіс аймағындағы көшеде өтетін асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлардың көрмесін көреді деп күтілуде.