Әскери барлау – маңызды сала
Әскери барлау – маңызды сала
288
оқылды
Қазақстан Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәте­ріне барды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі  хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлем­нің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатер жайында баян­далды. Сонымен қатар Президент Бас бар­лау басқармасы бөлімдерінің заманауи үл­гі­дегі әскери құрал-жабдықтарымен және тех­­­­­­­никаларымен танысты. Мемлекет басшысы Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты. Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасына әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырып, аталған бөлімдегі әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі.