Тоқаев Түркия президентін әуежайдан күтіп алды
Тоқаев Түркия президентін әуежайдан күтіп алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайынан күтіп алды. Естеріңізге сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысына қатысады. Келіссөз барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды. Сонымен бірге, Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.