Жуырда Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді
Жуырда Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді
Фото: vestikavkaza.ru
572
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірнеше халықаралық іс-шараға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook  парақшасында жазды.   11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған. 12-13 қазанда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент бірнеше мемлекет пен үкімет басшысымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. 14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған. 15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келетінін хабарлаған болатынбыз.