Халықтық коалиция Тоқаевты қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады
Халықтық коалиция Тоқаевты қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады
370
оқылды
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты  ҚР президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Халықтық коалиция мүшелері тиісті куәлік алды.  width=
«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағында көзделген барлық құжат заңда белгіленген мерзімде алынды. Кандидатты тіркеу үшін қажетті барлық рәсім сақталды.  Осылайша, ОСК Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК отырысынан кейін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сұрақтарына жауап берді.  width=
«Бүгін Халықтық коалицияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгенін растайтын ресми құжат алдым. Бірнеше күн ішінде 400 мыңға жуық қол жинадық. Жақын арада Жалпыреспубликалық сайлауалды штаб өз жұмысын бастайды. Оның құрамында Халықтық коалицияға кіретін барлық партия мен қоғамдық бірлестіктің көрнекті өкілдері болады», – деді ол.
Еске сала кетейік, биыл 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған ҚР Конституциясымен және «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сай келетінін анықтады.  width= Халықтық коалицияның құрамында «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, сондай-ақ 20-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік кірді. Олардың арасында: «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» және т.б. бар.