Вилли синдромына шалдыққан: Алматы облысында 5 жасар баланың салмағы 70 келіге жеткен
Вилли синдромына шалдыққан: Алматы облысында 5 жасар баланың салмағы 70 келіге жеткен
438
оқылды
Алматы облысында 5 жасар баланың салмағы 70 келіге жеткен.  Анасы ұлының әлдебір дертке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрап отыр, – деп хабарлайды Almaty.tv.  Нұрәлінің анасы Нағима Тұрәлиеваның сөзінше, 5-6 айлық кезінде ұлын дәрігерге қаратып, артық салмағы барын білген.
«5-6 айында дәрігерге қабылдауға барған кезде артық салмағын білдік. Содан бері әлі де қаратып жатырмыз, әлі ондай нақты бір диагноз шыққан жоқ», – деді Нұрәлінің анасы Нағима Тұрәлиева.
Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Төлебай Айнабековтың айтуынша, Нұрәлі Прадера вилли синдромы деген дертке шалдыққан.
"Семіздіктің екінші дәрежесі. Прадера вилли синдромы. Ол – өте сирек кездесетін, көп зерттелмеген ауру. Сондықтан енді шамамыз келгенінше аудандық деңгейде көмек көрсетіп жатырмыз", – дейді Төлебай Айнабеков.
Бала қазір апта сайын ем қабылдайды. Соңғы айларда оған дем жетпей, тынысының тарылуы да жиілеген. Отбасында отағасы ғана табыс табады. Бар тапқаны баланың дәрі-дәрмек, керек-жарағына, ауданға барып ем қабылдауына кетеді екен.