Ұлттық банк доллар мен рубль бағамын бекітті
Астана мен Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-483 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz-тің мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар – 477,5-481,5 теңге, Алматыда доллар бағамы 479-483 теңгеден сатылып жатыр. Рубль бағамы 0,05 теңгеге арзандап, 7,49 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,85-7,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, 13 қазанда валюта бағамы мынадай:
USD / KZT – 477.89 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 463.89 (Еуро)
RUB / KZT – 7.49 (Ресей рублі)
GBP / KZT – 528.93 (Фунт стерлинг)
TRY / KZT – 25.72 (Түрік лирасы)
UAH / KZT – 12.94 (Украин гривниі)
CNY / KZT – 66.67 (Қытай юані)
KGS / KZT – 5.8 (Қырғыз сомы)
AED / KZT – 130.11 (БАЭ дирхамы).