WhatsApp ақылы қызметті іске қосты
WhatsApp ақылы қызметті іске қосты
Фото hitech-zone.com сайтынан алынды
Premium жазылымға қосылғандар WhatsApp-тағы өздерінің байланыс сілтемесін үш ай сайын өзгерте алады. Бұл туралы Aikyn.kz gadgets360.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. WhatsApp Premium Subscription жедел хабар алмасу және қоңырау шалу қызметі әлі ресми түрде іске қосылмаған. Дегенмен ол енді бета-нұсқада пайдаланушыларға қолжетімді.
Бета-нұсқа дегеніміз - жаңа өнімнің эксперименталды нұсқасы. Мұндай нұсқа жаңа өнімді сатылымға шығармас бұрын кемшіліктерін анықтау мақсатында сарапшылар арасында таратылады.
Мамандар байқаған кемшіліктер түзетіліп, кейін жаппай сатылымға ұсынылады. [caption id="attachment_222139" align="aligncenter" width="1220"]WhatsApp бета Фото appleinsider.ru сайтынан алынды[/caption] WhatsApp-тың Premium мәзірінде орналасқан қосымша мүмкіндіктерге бета-бағдарламасының мүшелері ғана кіре алады. Premium жазылымы бизнес үшін бейімделген. Ақылы мүмкіндіктердің көпшілігі қарапайым пайдаланушы үшін қажетсіз болуы да мүмкін. [caption id="attachment_222141" align="aligncenter" width="1588"]WhatsApp-тың Premium Фото gadgets360.com сайтынан алынды[/caption] Енді мессенджерді қолданушылар телефон нөмірі арқылы іздеудің орнына компанияның атауы арқылы оңай байланыс орната алады. Айта кету керек, бүгінде Telegram пайдаланушылары да басқалармен тікелей байланыс сілтемесін бөлісе алатын ұқсас мүмкіндікке ие.
WhatsApp-тың Premium қолданбасының ақылы нұсқасында бір есептік жазбаға 10 құрылғыны тіркеуге болады. Осылайша, компания қызметкерлері бизнес тіркелгісіне қосылып, оны басқарады. 32 қатысушыға дейін бейнеконференция жасайды.
Бета тестілеу енді ғана басталғандықтан, WhatsApp әлі ресми мәлімдеме немесе хабарландыру жасаған жоқ. Сондықтан жаңа жазылым қызметінің бағасы немесе іске қосылу мерзімі әлі белгісіз.