Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады?
Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады?
Фото: fotoload.ru
667
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, өңірлерде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, тек батыста күн суытады. Астана, Алматы және Шымкент ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бүгін Алматыда термометр бағаны +20...+22 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/c дейін жетеді. Астанада Алматыға қарағанда аздап салқын, елордада ауа температурасы 17-19 градус, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады деп күтілуде. Синоптиктер Шымкентте ыстық болады деп болжап отыр. Мұнда термометр бағаны +25...+27 градусты көрсетеді. Жел 8-13 м/с дейін күшеюі мүмкін.