Арқалықта Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ақындар айтысы өтеді
Арқалықта Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ақындар айтысы өтеді
Фото: ult.kz
788
оқылды
Арқалықта Жасөспірімдер театрында «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бүгін сағат 15.00-де Арқалық қаласының Қазақ жасөспірімдер театрында Республика күніне орай, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді. Іс-шара мақсаты – ұлттық дәстүрлердің қоғамдағы рөлін нығайту, тұрғындардың мәдени деңгейін арттыру, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының тарихи рөлін көрсету, құрметтеу. Сөз сайысы, жыр додасына қанаттарын кеңге жайып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен облыстық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпаздары, яғни 18 айтыскер ақын бақ сынайды. Аймақтық ақындар айтысына қатысушы үміткерлер тізімі:
  1. Изтилеу Мамай – Майлин ауданы
  2. Кенжеғозин Ғалымгерей – Рудный қаласы
  3. Ахметбеков Байбатыр – Жангелдин ауданы
  4. Сыздықов Алмат – Астана қаласы
  5. Өтепбаев Тоба – Амангелді ауданы
  6. Манарбекова Ақбота – Астана қаласы
  7. Нигматов Данияр – Қостанай қаласы
  8. Абықан Серікболсын – Алтынсарин ауданы
  9. Апбасхан Балғын – Түркістан облысы
  10. Ақылжанов Әсет – Қамысты ауданы
  11. Сағынтаев Батырлан – Арқалық қаласы
  12. Әуезхан Ернұр – Арқалық қаласы
  13. Кенжеғозина Злиха – Жангелдин ауданы
  14. Тұрсын Еламан Мұратұлы – Амангелді ауданы, Амантоғай ауылы
  15. Жәукен Боранбай Алдабергенұлы – Маңғыстау облысы
  16. Рағат Нұрислам Талапұлы – Арқалық қаласы
  17. Ақбабақызы Нария – Шығыс Қазақстан облысы
  18. Қонарбаев Мұхтар – Астана қаласы
Айтыскерлердің өнерін бағалайтын әділ қазылар алқасы ретінде іс-шараға келесі тұлғалар шақырылып отыр. Қазылар алқасының төрағасы – айтыстың ақтаңгері Айбек Киікбайұлы Қалиев  Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері. Сонымен қатар айтыста Боранбай Қазбекұлы Әбенов – Мәдениет қайраткері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Мұрат Жүнісұлы Жүнісов – ақын, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі, Бағила Кенжеғарақызы Балмашева – айтыскер ақын, Торғай Аграрлық-техникалық колледжінің белді ұстазы,  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының филология факультетінің аға оқытушысы, доцент, педагогика ғылымдарының магистрі Ардақ Әмірханқызы Абдуллина қазылық етеді.