Алматыда 12 қазанда адвокат Айман Асанова ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Zakon.kz-тің жазуынша, адвокат Гүлнар Жуаспаева Асанова бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқанын Facebook-тағы парақшасында жазды.
Адвокат Айман Асанованың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, тергеу мен сотқа көмектесуге уәде берді. Бұған дейін Алматыда адвокат әйел Айман Асанованы пышақтаған күдікті анықталғанын хабарлаған болатынбыз.«Қайтыс болғаны туралы оқығаннан кейін, бірден күйеуі екенін айттым. Көп ұзамай бәрі расталды», – дейді Гүлнар Жуаспаева