Прокурор мысықтың басына секірген ер кісіге қатысты сот үкіміне наразылық танытты

Прокурор мысықтың басына секірген ер кісіге қатысты сот үкіміне наразылық танытты

Ақтау қаласының прокуратурасы мысықтың басына секіріп, жарақаттаған ер адамға қатысты шығарылған сот үкіміне наразылық білдірді. Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков Facebook парақшасында жазды. 4 қазанда сағат 22.00 шамасында 35 жастағы мас адам жолындағы мысықтың басына секіріп, мыжи салады. Оқыс оқиға Ақтау қаласының 6 ықшамауданында болған.  Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі - "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша іс қозғалып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу түріндегі жазамен сотталды. Мұндай жеңіл жаза қоғамда резонанс тудырып, Ақтау қалалық соты түсініктеме беруге мәжбүр болды.

"Д.Ордабаевтың ісі ҚР ҚК-нің 316-бабы  1-бөлігі бойынша сотқа берілді, соттағы процеске қатысушылар іс сатысына қатысты дау айтқан жоқ. Сот өздігінен неғұрлым ауыр айып тағуға құқылы емес. Прокурор ҚР ҚІЖК-нің 340-бабына сәйкес,  айыптауды өзгертуге құқылы, бірақ ол бұл құқықты пайдаланбаған", - деді Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі
Сот қылмыстық іс жүргізу заңнамасында елеулі бұзушылықтарды анықтамағаны, демек істі прокурорға қайтаруға да негіз болмағаны нақтыланды. Сонымен қатар, сотталушы өз кінәсін мойындап, еткен ісіне өкініш білдірді, сот оны жеңілдететін жағдай деп санады. 2022 жылы 12 қазанда Ақтау қаласының прокуроры Берік Құлмағамбет сот үкіміне шағым түсірді.