Депутат Денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады
Депутат Денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады
268
оқылды
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаев Қазақстан медицинасы туралы айтып, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жұмысын сынады.
"Байлар Қазақстанда емделмейтін, кедейлерді емдей алмайтын жағдайға жеттік. Жергілікті әкімдіктер күнделікті мәдени шараларға, ескерткіш ашуға келген кезде миллиондап қаражат табады. Ал халықты, ауылдағы азаматтарды емдеуге келген кезде... Маңғыстау облысындағы жедел-жәрдемнің әлі күнге дейін арендаторлық жерде отыру мәселесіне келгенде жергілікті әкімдіктерде қаржы табылмай қалады. Әкімдіктер, жергілікті медицина мәселесін шешуде 10 баллдық есеппен алатын болсақ, сіз олардың жұмысына қанша балл бересіз? Облыс әкімдерінің жұмысына қандай баға бересіз? Айтыңызшы ? Мен мысалы оларға 3 деген баға қояр едім. Сіз неше деген баға қоясыз?", - деп сұрады депутат министрден.
Ажар Ғиният әкімдіктердің жұмысына баға бере алмайтынын, ондай құзыреті жоқ екенін атап өтті.
"Менің әкімдіктерге баға беретін құзіретім жоқ. Сізді құрметтеймін, дегенмен сөздеріңізге келісе алмаймын. әХалықты емдемейді, медицина сенімсізә деп осы жерде отырғандардың көбісінің дәрігерлерге барып, ем алып жүргендерін білемін. Барлық халықтың атынан олай айтпаған жөн", -деп тіл қатты министр.