Соңғы бір тәулікте Алматы облысындағы кеден бекеттері арқылы Қытай аумағына 100 шақты адам өткен, – деп жазады 24.kz.
Автомобиль және темір жол қатынасын есептегенде барлығы 640 көлік шекарадан арғы бетке өткен.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері 6 кеден бекетіндегі жағдайды саралап, мониторинг жүргізуде.
Өңірде жалпы, короновирустың алдын алу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.
Оның құрамына Мемлекеттік кірістер департаменті және Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өзге де жауапты сала жетекшілері, жергілікті аудан, қала әкімдері еніп отыр.