«Бурабайдың» бас директоры ауысты
«Бурабайдың» бас директоры ауысты
Фото: gov.kz
958
оқылды
«Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ РМК басшысы ауысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, Саягүл Айдарқызы Қайыргелдина «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. Қайыргелдина Саягүл Айдарқызы 1973 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Биология» факультетін, Қарағанды заң академиясының «Құқықтану» факультетін, Мәскеуде Халықаралық қалпына келтіру медицинасы университеті мен «Астана» медицина университетін бітірген. PhD докторы, ҚР ҰҒА профессоры ғылыми дәрежесі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Еңбек жолын 1990 жылы №3 Киев орта мектебінің тәрбиешісі болып бастаған. Әр жылдары ЖОО-да оқытушы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының "Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы" РМК инновациялық және білім беру қызметі басқармасының халықаралық медициналық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі, бас сарапшысы, бас менеджері қызметтерін атқарды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санаторийлер өкілдігінің басшысы лауазымында болды, кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ курортология орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас курортологы. Ғылыми басылымдардағы 51 мақаланың, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 1 оқулықтың, 2 ғылыми-зерттеу, 3 авторлық патенттің, Қазақстан курорттарына арналған 1 монографияның авторы.