«Цифрлық ХҚКО-да қызмет көрсететін операторлар болмайды, адамдардың цифрлық қызметтерді алу сауатын ашу орталығы ретінде жұмыс істейді. Әрбір азамат жоғары технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алып үйренеді. Себебі осы жерге келу арқылы азаматтар қызметтерді алудың оңай екенін көріп, болашақта бұл жерге келмей, үйінде не басқа жерде қызметтерді ала алады», – деді басқарма аппаратының басшысы Қуандық Қуатов.Заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисінде азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қолжетімді пункттерге, ConnectionPoint өзіне-өзі қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электронды өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Келушілер оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлы сауат дағдыларын шыңдай алады. Сонымен қатар орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы шақыру батырмасы және жеке терезе жұмыс істейді. Балалары бар келушілерге ана мен бала бөлмесі де қарастырылған.
Түркістан облысы