2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстан аумағында полиэтилен пакеттерді өндіруге, сатуға және тегін таратуға тыйым салынады.
Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Бұған дейін, 2023 жылы Ыстықкөл облысында полиэтилен пакеттерге пилоттық негізде тыйым салынған болатын. Алайда уақыт өте келе тұрғындар мен кәсіпкерлер оларды қайта қолдана бастаған.
Президент экологиялық таза қағаз пакеттер өндіретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
