«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын», – делінген жарлық мәтінінде.Бірақ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер бұған кірмейді. Айта кетерлігі, мораторийді ұзарту Президенттің 2022 жылғы 19 мамырда берген тапсырмасын орындау мақсатында енгізіліп отыр. Бұл жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ал Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін жарияланған болатын.
А.ЖОЛДАС