Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Кәрім Мәсімов © Тұрар Қазанғапов
695
оқылды
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты іс әлі де күдіктілерге таныстыру сатысынан өтіп жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Осы орайда танысу біраз уақыт алуы мүмкін», – деді Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «аса құпия» белгісімен тергелген.