Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
977
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Абай облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облысының оңтүстігінде екпіні 23 Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 20 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы түнде облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.