Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы соққыға жыққан
Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы соққыға жыққан
715
оқылды
Павлодар облысында ер адам жасөспірімді балағаттап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде @mypavlodar Instagram парақшасында 19 қазан күні ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.
«Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14.00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы – «балаға келтірілген дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілу дерегіне сәйкес келеді». Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралатын болады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді. 9 қазанда зардап шеккен баланың заңды өкілі өтініш білдірген.