20 қазанға арналған ауа райы болжамы
20 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: liter.kz
351
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты  Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Тек қана еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.