Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандардың санын жариялады. Коронавирус бір күнде 51 адамнан анықталды.
20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирустан (–827+ және 144 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 864 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.