Жамбылда Шерхан Мұртазаның мерейтойы басталды
Жамбылда Шерхан Мұртазаның мерейтойы басталды
688
оқылды
Жамбыл облысында шындықтың шырақшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы басталды. Мерекелік іс-шаралар халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінің» алдындағы Шер-ағаның еңселі ескерткішінің ашылуымен түндігін түрді.    width=   Той қонақтары жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов,   Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан сияқты тұлғалар қаламгердің  өмірі мен шығармашылығы туралы орамды ойлар айтып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады.    width=    width=    width= Мерекелік іс-шара «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасуда.

Жамбыл облысы