Салтанатты іс-шараға Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов пен Аягүл Миразова, Сенат депутаты Абдалы Нұралиев және Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай, Гүлдара Нұрымова, Ильяс Буларов, Мейрамбек Төлепберген, Жанарбек Әшімжан қатысып, музейдің лентасын қиды.
Бұдан кейін Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев жазушының балалық кезі мен білім алған шақтары, студенттік жылдары, журналистика және жазушылық қызметі, саяси өмірге араласуы, жұмыс кабинеті мен инсталяциясы орналасқан әдеби-мемориалдық үйді таныстырды.
Шара одан әрі К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның «Алатау» фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Жамбыл облысы