Абай облыстық Абай атындағы кітапханада Республика күніне орай «Қазақстан – рухы биік ұлы өлке» атты кең көлемді кітап көрмесі ашылды.
Салтанатты рәсімге Жазушылар одағының Семей филиалы төрағасы М.Қарт, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі О.Шәріп, «Жастар» орталығының өкілдері, «Қайнар», Д.Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Көрменің мақсаты – жастардың Отанға деген азаматтық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кітапхана мамандары мәдени шараға қатысушылардың назарына Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен бастап, Қазақстанның даму тарихына және 30 жылдан аса уақытта жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, халықаралық қатынастардағы жетістіктерге шолу жасап, ақпараттар берді.
Көрме биылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.