Қостанайда ваннадан жылан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, 102 пультіне ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен Серік Малғаждар барды.
«Оқиға орнына шұғыл жеттік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз. Оны біреу үйде асыраған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді», – деді учаскелік полицей Асқар Ментаев.
https://youtu.be/e3x6HYRSkGI
Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.
Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, далаға жіберді.