Өзбекстанның Қазақстанға жақын аймағында әскери қойма өртке оранды
Өзбекстанның Қазақстанға жақын аймағында әскери қойма өртке оранды
715
оқылды
Қазақстан шекарасына жақын маңда орналасқан әскери қоймада жарылыс болды. Podrobno.uz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде Өзбекстанның Сырдария облысында болған жарылыс түсірілген видео пайда болды. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі оқиға 22 қазанда таңғы сағат 4.55-те Мәлік елді мекеніндегі (Қазақстан шекарасынан ондаған шақырым жерде) Қорғаныс министрлігі қоймасында болғанын хабарлады. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын, сондай-ақ жарылысқа не себеп болғанын әзірге нақтылаған жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода қатты дыбыс естіледі, кейін дүмпу толқыны пайда болып, салдарынан қоймаға жақын маңда орналасқан үйлердің терезелері сынып, кейбір пластикалық құрылымдар қираған. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.