Қазақстандықтар Республика күнін қалай атап өтеді?
Қазақстандықтар Республика күнін қалай атап өтеді?
324
оқылды
Қазақстандықтар алдағы жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері демалады. Елде 13 жылдан кейін Республика күні қайта тойланбақ. Естеріңізде болса,  атаулы дата күнтізбеге алғаш 1995 жылы қазанда енген еді. Бірақ кейін мерекелер қатарынан алынып тасталды. Сонымен, Республика күні республикамызда қалай аталып өтеді? Мәдениет министрлігінің мәліметінше, бір ғана елорданың өзінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. Оның 8-і - концерттік бағдарлама. Ауқымдысы 25-і қазан, EXPO аумағында өтпек. Ал мерекелік іс-шаралардың қорытындысы ретінде бас қаланың екі тұсында 10 минуттық отшашу ұйымдастырылмақ. Атырау көпірі мен Ботаникалық бақ аумағында.