Ұлттық мерекені ұлықтады
Ұлттық мерекені ұлықтады
421
оқылды
Республика күніне орай Парламент Сенатында сал­танатты жиын өтті. Палата Төрағасы Мәулен Әшім­баев іс-шараға қатысу­шыларды ұлттық мерекемен құт­тықтап, 1990 жылы 25 қазан­да қабылданған Егемендік тура­лы декларацияның тарихи маңы­зына тоқталды. Сондай-ақ ол елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға назар аударды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың бастамасымен елі­міз­де ауқымды саяси, әлеумет­тік-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы әділетті Қазақстан құру қағидасына табан тірейді. Рес­публика күнінің ұлттық мереке ре­тінде қайтарылуы да әділет­тілік қағидатының жарқын көрінісі екені сөзсіз. Осындай ауқымды жұмыстардың аясында Парламент елдегі тарихи ше­шім­дерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдар қабылдауда. Бұл ретте Сенат депутаттарының және Аппарат қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн», – деді Мәулен Әшімбаев.
Іс-шара барысында Сенат Төрағасы сенаторларға, Аппарат қызметкерлеріне, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан белсенді азаматтарға Мемлекет бас­шысының Жарлығымен бекі­тіл­ген мемлекеттік награда­ларды салтанатты түрде тап­сырды. «Парасат» орденімен Сенат вице-спикері Ольга Пере­печина, депутаттар Рысқали Әбдікеров, Бауыржан Қаниев, Дүйсенғазы Мусин және Ләззат Сүлеймен наградталды. Сенат Аппаратының қызметкерлері қатарында бөлім меңгерушісі Бақыт Ағиса «Құрмет» ордені­мен, бөлім меңгерушілері Бақыт­гүл Төлеуова, Нұрбек Алмашов, бөлім меңгеруші­лерінің орынбасарлары Шолпан Бейсембекова, Қарашаш Исмаилова, Гүлсана Төлепбер­генова және Жанар Төлендинова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыруға және өткізуге айрықша үлес қосқаны үшін Конфессияаралық және өрке­ниетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орта­лығы­ның Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев «Парасат» орденімен, аталған Орталықтың Басқарма төрағасының орын­басары Диана Есенова және Astana Venue Management ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Сондай-ақ Әлемдік және дәс­түр­лі діндер лидерлері VII Съезі­нің ресми өкілі Назым Жанға­зин­ова «Шапағат» медалімен марапатталды. Сенат Аппараты қызмет­керлері – бөлім меңгерушісінің орынбасары Вадим Сүлеймен­овке және бас консультант Әсел Ертасқа Қазақстан Респуб­ликасының Құрмет грамотасы тапсырылды. Сонымен қатар салтанатты жиында бірқатар Сенат депутаты мен Аппарат қызметкері ТМД Парламентаралық Ассамблея­сының «МПА СНГ 30 лет» ме­рей­тойлық медалімен наг­радталды.