«Бомба қойылды» деп екі рет алдаған ақтөбелік ұсталды
«Бомба қойылды» деп екі рет алдаған ақтөбелік ұсталды

Ақтөбеде 31 жастағы жігіт екі рет «бомба» қойылды деп жалған ақпарат берген. Қоңы­­рауы арқылы елді дүр­ліктірген ер адам ұс­талды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің «Дайындалып жатқан тер­роризм актісі ту­ралы көрінеу жалған ха­барлау» бабы бойын­­ша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының «102» нөміріне белгісіз біреуден қоңырау түсті. Қоңырау шалған ер адам Мұ­ғалжар ауданы Ақкемір ауылын­дағы теміржол вокзалында «бом­ба» бар екенін хабарлаған. Арада бірнеше минут өткен соң дәл сол адам қайта хабарласып, Ақтөбе қаласы Қарғалы елді мекеніндегі дүкендердің бірінде де «бомба» қойылғанын айтқан. «Қоңырау шалушы көрсеткен орындарға қызметкерлер жібе­рілді. Арнайы бөлімше саперлері тексерді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Сонымен бірге Мұғалжар ауданы Ақкемір ауылының ғи­маратында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жарылғыш зат та­былмады. Іздестіру кезінде об­лыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қыз­меткерлері бұрын сотталған Мұ­ғалжар ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, мас күйінде полиция бөліміне жеткізді. Заттай дәлел ретінде ұялы телефоны тәркіленді» деп хабарлады об­лыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Қазір Қылмыстық кодекстің «Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған ха­барлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Осы баптың санк­циясы 5 мың айлық есептік көрсет­­кішке дейінгі мөл­шерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұ­­­мыстарын не 5 жылға дейінгі мер­­­­зімге бас бос­тандығын шектеуді не сол мер­зімге бас бостандығынан айы­­­руды көздейді.

Қуаныш САПАРБАЕВ