Риддер қаласының тұрғындары жылусыз қалды
Риддер қаласының тұрғындары жылусыз қалды
©https://kaz.zakon.kz/
443
оқылды
Риддер қаласы жылусыз қалып, облыс әкімдігі аяғынан тік тұрды. Өйткені қала тұрғындары үйлерінде жылудың  жоқтығына шағымданды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖЭО басшылығы су араласқан мазуттың сапасын бақыламаған. Салдарынан күтпеген жағдай орын алған. Техникалық себептерге байланысты ЖЭО жұмысы тоқтатылды. Бірақ тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ, жылумен қамсыздандыру жұмысы кешке дейін қалыпқа келтіретінін әкімдік жеткізді. - Қазір жылу беру станциясына "Қазцинк" ЖШС-дан 60 тонна мазут және ЖЭО ӨБ-дан 70 тонна мазут жіберілді. 25 қазанда түнгі 01:00-де тағы алты цистерна әкеледі. Мұның бәрі станцияны отынмен 100 күндік үздіксіз жұмыс істеуін қатамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, тез арада қаланы жылумен жабдықтау жұмысы қалпына келтіріледі, – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, осы уақытта ЖЭО ӨБ-дан Риддердегі ЖЭО-ға 20 тонна мазут тиеген алғашқы көлік аттанған. Енді жол полициясының алып жүруімен тағы 50 тонна жөнелтіледі. Сондай-ақ "Қазцинк" ЖШС-да мазут жеткізеді. Станцияның екінші қазандығы қатты отынмен жұмыс істейді, бірінші және үшіншісін іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал сағат 22:00-ге дейін Риддер ЖЭО температуралық режимге сәйкес тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етілмек. Өңір прокуратурасы "Риддер ЖЭО" АҚ басшылығы жіберген немқұрайлылық фактісі бойынша тергеу амалдарын қолға алды. Жедел штаб құрылып, жағдай өңір басшысының жеке бақылауына алынды.