Мемлекет басшысы еріктілерге қолдау көрсететін институттарды қалыптастыруды тапсырды
Мемлекет басшысы еріктілерге қолдау көрсететін институттарды қалыптастыруды тапсырды
© Ақорда
386
оқылды
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады, -  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.