Коронавирусқа шалдыққандардың саны азайды
Коронавирусқа шалдыққандардың саны азайды
Фото: gordonua.com
798
оқылды
Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Бір адам аурудан емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 882 адам коронавирустан (–732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 2 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Жалпы, Қазақстанда 10 841 992 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 602 948 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны 5 599 809 адамға жетті.