Абай университетінде қызметкерлерге ағылшын тілін тегін үйрететін клуб ашылды
Абай университетінде қызметкерлерге ағылшын тілін тегін үйрететін клуб ашылды
642
оқылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Abai University Speaking Club ресми ашылды. Іс-шараға басқарма төрағасы – ректор Дархан Біләлов және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты. Ашылу салтанатының қонақтары АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулдығының өкілі Чэд Киннер, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Тайтелиева және америкалық кеңестің өкілі, бағдарлама үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев.    width= Дархан Біләлов университет қызметкерлеріне ағылшын тілін тегін оқып, жетілдіруге мүмкіндік берілгенін атап өтті.
«Университет стратегиясының негізгі тармақтарының бірі – «үйдегі интернационалдандыру» принципі (Knight, 2004). Жаңа клуб – бұл біздің стратегиямызды жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Осылайша, біз университет пен жалпы білім беру жұмысының сапасын арттыруды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Клуб қызметіне сәттілік тілей отырып, біз серіктестерімізге алғыс айтамыз», – деді ректор.
 width=  width=  width=  width=  width=  width= Abai University Speaking Club ашылу салтанатының қызыл лентасын Чэд Киннер мен Мақсат Қошқарбаев қиды. Олар клуб жұмысына табыс тіледі. Салтанатты шара вокалдық, аспаптық және би нөмірлерінен тұратын концерттік бағдарламамен аяқталды.