Президент Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Президент Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев­пен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стра­тегиялық серіктестіктің қа­зіргі жағдайы мен даму перспек­тиваларын талқылады. Тараптар Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері бас­шыларының және Еуро­палық Кеңес Президенті Шарль Ми­­шель­дің қатысуымен өткен кез­­десудің қорытындысы жөнінде пі­кір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатыс­қаны және маз­мұнды сөз сөй­легені үшін Шавкат Мир­зиёев­ке ризашы­лығын білдірді. Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев аталған шараның өт­кізілу деңгейін жоғары бағалап, кездесуді ұйым­дас­тырғаны үшін Қазақстан Прези­дентіне алғыс айтты. Сондай-ақ шарада аймақтағы өзекті мә­се­лелер мен оларды шешу жол­дарын тал­қы­лауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.