Астанада ақылы автотұрақтан жоба басталғалы қала бюджеті 2 миллиард теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 миллион теңге. Бұл туралы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС хабарлады.
Тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі. Инвесторға кері қайтарылмайды.
«Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ның 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асты. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% болды. Мемлекет тарапынан инвестиция тартылған жоқ» делінген хабарламада.
Астанада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Ақылы тұрақтар: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін – ақылы, ал демалыс және мереке күндері – тегін.
Бұған дейін Астанада жер жеткілікті болса да, биыл ақылы тұрақ көбейетінін жазған болатынбыз.