Талдықорғанда 40 мың теңге үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырды
Талдықорғанда 40 мың теңге үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырды
Фото: newtimes.kz
589
оқылды
Талдықорғанда полицейлер борышкерді ұрып-соққан ер адамды ұстады. Zakon.kz-тің жазуынша, бір күн бұрын 46 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғасы сынған және басқа да жарақаттары бар деген диагноз қойды. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушіні 40 000 теңгеге жуық қарызы бар танысы ұрған. Кездесуде ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Күдікті қамауға алынды.