Илон Маск Twitter компаниясының топ-менеджерлерін жұмыстан босатты
Илон Маск Twitter компаниясының топ-менеджерлерін жұмыстан босатты
274
оқылды
Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алғаннан кейін ең бірінші болып кадрлық мәселеге жең түре кірісті. Ол компанияның топ-менеджерлерін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Twitter-дің бас директоры Параг Агравал, қаржы директоры Нед Сигал мен құқықтық саясат, сенім және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Виджайя Гадде қызметінен босатылды, деп хабарлайды CNBC өз ақпарат көзіне сілтеме жасап. Маск аталған үш адамның платформадағы фейк аккаунттардың санына байланысты дұрыс ақпарат бермей өзін әрі инвесторларды шатастырды деп айыптады. Мәміле аяқтала салысымен штаб-пәтерде болған Агравал мен Сигал осылайша ғимараттан бірден қуылды. Маск бұған дейін қызметкерлердің 75 пайызын жұмыстан шығармайтынын айтқан. Алдыңғы күні таңертең Илон Маск әлеуметтік желідегі парақшасында Twitter жазуын Chief Twit деп өзгертті және компанияның штаб-пәтеріне барды. Миллиардер әлеуметтік желіде осы сапарының видеосын жариялады. Видеода ол қол жуатын орынға арналған шұңғыл бұйымды қолына ұстаған күйі әлеуметтік желінің бас кеңсесіне кіреді. Ағылшын тілінде шұңғылша - sink, яғни "жапырғыш" деген мағынаны да білдіреді, ал етістік түрінде sink — бір нәрсеге басымен қойып кету, тану дегенге келеді.