Оралда оң өзгерістер көп
Оралда оң өзгерістер көп
936
оқылды
Араға 13 жыл салып, қайта оралған ұлттық мереке – Респуб­ли­ка кү­ні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында ел дамуына үлес қо­сып жүрген азаматтар мемлекеттік наградалармен ма­ра­патталды. Со­нымен бчірге әлеуметтік нысандар ашылып, пат­риот­тық акциялар өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң­намалық актілерге өзгерістер мен то­лықтырулар енгізіп, Республика кү­нін ұлттық мереке деп қайта бекіткен бо­­латын. Атаулы датаның ұлттық си­пат­та қайта оралуын қалың ел қолдады. Ба­тыс Қазақстан облысында Республика кү­ні аясында 200-ден астам шара жос­пар­ланып, бірнеше күн ілгері түрлі ны­сандар ашылып, мерекені кең кө­лем­де атап өтті. 25 қазан күні Оралда тұң­ғыш президент алаңында көк туымыз биік­ке көтеріліп, Республика күні об­лыс жұртшылығының жаппай гимн орын­дауымен басталды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жиналған халықты Ұлт­тық мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды бүгінгі тәуелсіз елі­міз үшін айшықты мереке Республика кү­німен құттықтаймын! Біздің мем­ле­ке­тіміз жас мемлекет болғанымен бо­ла­шағымыз айқын, мақсатымыз анық. Алдағы жетер жетістігіміздің жолында бә­ріміз бірге жұмыла жұмыс істеуіміз қа­жет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін, – деді салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы.
БҚО әкімі елдің дамуына үлес қо­сып жүрген азаматтарды мемлекеттік наг­радалармен марапаттады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаты Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ду­лат Жүсіпқалиевке, «Cinema Park» кино­теат­рының директоры Дилара Мұхам­бе­товаға, БҚО Қазақстан Халқы ас­самб­леясы жанындағы «Достық» клу­бы­ның жетекшісі Талғат Чудобаевқа та­бысталды. Іс-шара ары қарай көк туымызды кө­терген машиналардың шеруімен, орал­дықтардың жүгіру марафонымен жал­ғасты. Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Ща­пов ауылында 420 орындық жаңа мек­теп ашылды. Соңғы үлгідегі зама­науи жабдықтармен қамтылған Бауыр­жан Момышұлы атындағы мектепте оқушылардың сапалы білім алуына бар­лық жағдай жасалған. Бұған дейін мүл­дем жөндеу көрмеген 120 балаға ар­налған ескі мектепте білім алып келген оқушылар енді жаңа ғимаратта білім ала­тындарына ерекше қуанды. Ауыл тұр­ғындарының қуанышын бөлісе кел­ген облыс әкімінің орынбасары Ба­­қыт­жан Нарымбетов мектеп ұжымына та­бысты еңбек тіледі.
– Жаңадан салынған білім оша­ғы­ның ашылуы ұлттық мерекеміз – Рес­пуб­лика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Жаңадан ашылған мектепте жас өрен­деріміздің білім алуына, спортпен, шы­ғармашылықпен айналысуына бар жағ­дай жасалған. Сондықтан осы бас­тамаға қолдау білдірген «СКФ Отдел­сто­рой» ЖШС-не, мектеп ұжымына, ата-аналарға ризашылығымызды біл­діреміз. Батыр бабамыздың есімі беріл­ген білім ошағынан тәлім мен тәрбие ал­ған балалар еліміздің мақтан тұтар аза­маты болатынына сенемін, – деді об­лыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы.
Жарқыраған жаңа ғимаратта 21 оқу кабинеті бар, оның 15-і интерактивті тақ­­та­лармен жабдықталған. Сонымен қа­­тар, 1 смарт кабинет, 2 шеберхана, 2 ин­­­­форматика кабинеті, спортзал, кітап­хана және 30 орындық оқу залы, 208 орын­дық акт залы, 72 орындық асханасы бар. Мектеп сыныптарының безен­ді­рілуі де заман талабына сай соңғы үлгі­де, ерекше талғаммен жасалған. Орал Республика күні Республика күніне орай Батыс Қа­зақ­стан облысы Қазталов ауданының үш ауылына табиғи газ қосылды. Әбіш, Ела­ман, Саралжын тұрғындарының көп­тен күткен қуанышы мереке күнімен тұс­па-тұс келді. Ауданда көгілдір отын­сыз отырған қалған 13 елді мекенге де газ құбырын тарту басталды.
– Біздің ауылға газ келеді дегенге бұ­рын сенбейтінбіз. Енді игілігін көру­де­міз. Президентіміздің дұрыс сая­са­ты­ның арқасында, облыс, ауданды бас­қа­рып отырған азаматтардың жоспарлы жұ­мыстарының нәтижесінде осындай жұ­мыс сәтімен аяқталды. Газ өткізу жұ­мыстарын сапалы атқарған мерді­гер­лер­ге де алғысымыз шексіз! – деді ела­мандық Ұзақбай Қожантаев.
Көктерек ауылдық округіне қарасты Сарал­жында да мереке қарсаңында алау жа­ғылды. Саралжын ауылындағы 56 үй­дің 48-не газ желісі кіргізіліп, ауыл хал­­қы көгілдір отынның игілігін көруде. Аталмыш үш ауылдағы газ қосу сал­та­нат­­т­арына қатысқан Қазталов ауда­ны­ның әкімі Рүстем Зұлқашев, аудандық мәс­­лихат хатшысы Сәрсенбай Молда­шев елді мекен тұрғындарын құттықтап, газ желісін тартқан «ӘлияСервис» ЖШС мен ішкі жұмыстарды жасаған «Газ­Гид» ЖШС өкілдеріне алғыс біл­дірді. Ал облыс орталығында «аулаларды ке­шенді абаттандыру» бағдарламасы бойын­ша 29 аула жөнделді. Солардың бірі Әбубәкір Кердері көшесі, 172-мекенжайында Республика күніне орай пайдалануға берілді. Қала әкімі Миржан Сатқановтың айтуынша, шаһарда абаттандырылмаған аула ау­мақ­тарының саны азайып келеді. Жөн­деу жұмыстары жүргізілген аулаларда ағаштар да толықтай сақталды. Қала бойынша әлі де 180-ге жуық аула аумағы абаттандыруды қажет етеді. Сондықтан бұл жұмыс алдағы уақытта жалғас­тыры­лады. Аталған мекенжайда құрылыс жұ­мыстарын «Капитал Строй Проект груп­п» ЖШС жүргізді. 4 мың шаршы метр аула аумағы 4 үйдегі 500-дей пә­терді қамтиды. Жаңа аулада спорттық ойын және балалар алаңы, тренажер құ­рылғылары орнатылып, дене шынық­тырумен айналысуға толық жағдай жасалған. Сондай-ақ жобаға сай жарық­тандыру, көгалдандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Қаланы абаттандыру тұрғындармен тығыз бай­ланыс орнатуды көздейді. Атап айтқан­да, «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы бойынша тұрғындар өздері өтінім қалдырып, аула аумағында жүр­гізу қажет жұмыстарды көрсете ала­ды. Мұнда тұрғындар жобаны пы­сық­тауға, жұмыстарды бақылауға қатысып қана қоймай, дайын нысанның сақ­талуына жауап береді. Сондай-ақ жоба аяқталған соң, абаттандырылған аула­лар бойынша МИБ (меншік иелерінің бірлестігі), ЖС (жай серіктестік) немесе ПИК өкілдерімен бес жылға шарт жаса­лып, олар осы уақыт ішінде алаңдарды күтіп ұстауы тиіс. Сондай-ақ Оралда Республика кү­ні­не орай 52 пәтерлі төрт қабатты тұр­ғын үй пайдалануға берілді. Шаһарда апат­ты және тозығы жеткен үйлердің ор­нына өткен жылы қабылданған ре­но­вация бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер салынуда. Қазір 145 пәтер­ді құрайтын 28 апатты үй бұзылып, со­лар­дың орнына 12 жаңа үй бой көтерген.
– С.Есқалиев көшесі 149-мекен­жайында салынғанына бір ғасыр болған ескі, жартылай қираған үйдің орнында қазіргі заманғы ғимарат салынып бітті. Мұндағы 52 пәтерлі үйдің 12-сі баспа­на­лары апатты деп танылған отбасы­ларға беріліп отыр, – деді қала әкімі М.Сатқанов.
Жаңа пәтер иелері Қанат Алдоң­ға­лиұлы, Елена Губенкова мемлекет тара­пынан жасалып отырған қамқорлыққа риза екендіктерін айтып, құрылысты сал­ған «Даму Жол Орал» ЖШС-ға риза­шылықтарын білдірді. Қала әкімдігінен түскен мәліметке қа­рағанда, 2021-2025 жылдарға арналған реновация бағдарламасына сәйкес ин­вес­тор компаниялармен 22 меморандум жасалған. Күні бүгін Оралда тозығы жет­кен үйлер қоры 30 пайызды құрайды. Атап айтқанда, 52 апатты және тозығы жеткен 353-тен астам үй бар. Міне, со­лардың орнына жаңа үйлер салу жұмысы жалғасатын болады.