Атырау облысында балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды
Атырау облысында балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды
276
оқылды
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Құлсары қаласындағы балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салды.
"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, ата-аналар балаларының кінәсін мойындап, ең төменгі айыппұл тағайындауды сұраған.
Кінәні мойындаған кезде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға азайтуға құқылы. Сот құқық бұзушылықтың сипатын, заңды өкілдерінің жеке басын, олардың құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 21 441 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады, деп хабарлады баспасөз қызметі.