Ауылдан шыққан атыраулық спортшы гір көтеруден әлем чемпионы атанды
Ауылдан шыққан атыраулық спортшы гір көтеруден әлем чемпионы атанды
810
оқылды
Атырау облысының Қызылқоға ауданы Абай ауылынан шыққан спортшы Ришат Галиахметов Үндістан елінің Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, 105 + келі салмақта гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанған Ришат Галиахметов бұл спорт түрімен он жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Ол 48 келі болатын гір тасын 10 минутта 60 рет көтерген. Әлем чемпионатына дүниежүзінің 13 елінен 234 атлет қатысуда.
"Атырау облысынан үш спортшымыз қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде 105 + келіде Ришат Галиахметов әлем чемпионы атанса, енді екі спортшымыз Досқали Досқалиев 90 келіде, Алпамыс Айтмуханов 73 келіде бақ сынайтын болады", - деді аға жаттықтырушы Сергей Гридчин.
Әлем чемпионы атанған Ришат Галиахметов биыл Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатында да алтын жүлдеге ие болған еді.