Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандап жатыр
Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандап жатыр
929
оқылды
Еліміздің 12 қаласында пәтер жалдау құны арзандаған. Krisha.kz сараптамалық қызметінің мәліметіне сенсек, 20-27 қазан аралығында Қазақстанның 12 қаласында пәтер құны төмендеген: Ақтөбеде: —8.5 %; Павлодарда: —8.4 %; Оралда: —7.2 %. Астанада пәтер жалдау құны 4.8 пайызға төмендесе, Шымкент пен Өскеменде жалдамалы пәтер құны бұрынғы деңгейде қалған. Алматыда пәтер жалдау құны 4.76 пайзыға төмендегенімен, еліміздегі қалалар арасында жалдамалы пәтерлердің қымбаттылығы тұрғысынан әлі де көш бастап тұр. Мәселен оңтүстік астанада бір бөлмелі пәтерді жалдау бағасы орташа есеппен 270 000 теңге, екі бөлмелі пәтер 450 000 теңге, ал үш бөлмелі пәтердің құны, тіпті 600 000 теңгеге жеткен. Одан кейінгі орынға Астана қаласы жайғасқан. Елордада бір бөлмелі пәтерді 200 000 теңгеге, екі бөлмелі пәтерді 300 000 теңгеге жалға алуға болады, ал үш бөлмелі пәтер 450 000 теңге.