Жамбылда ҰҚК департаментінің қызметкері қайтыс болды
Жамбылда ҰҚК департаментінің қызметкері қайтыс болды
Фото: zhambyl_police парақшасынан алынды
2,296
оқылды
Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-парақшасында жазба жариялады. «Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оның өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше бағалаймыз. Қызметтегі адалдығы әріптестерiне үлгі, жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады» делінген ресми хабарламада.