Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-парақшасында жазба жариялады.
«Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Оның өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше бағалаймыз. Қызметтегі адалдығы әріптестерiне үлгі, жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады» делінген ресми хабарламада.